ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы медаль иеленді

Елордада басталған жасөспірімдер мен жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесін еншіледі. 

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы медаль иеленді
ҚР ҰОК

Снежана Кашкарова – Қазақстанның алғашқы жүлдегері

48 келіге дейін сынға түскен Снежана Кашкарова 69 келіні бағындырып, жұлқи көтеруде қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар серпе жаттығуында да 82 келіні көтеріп, жақсы нәтиже көрсетті.

Жарыс 10 шілдеге дейін жалғасады

Ауқымды дода Астанадағы Qazaqstan спорт кешенінде өтіп жатыр. Қазақстандық атлеттер алдағы күндері де медаль үшін күресті жалғастырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.