Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

"15,4 млн теңге несием бар": Әлем чемпионы министрден көмек сұрады

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 18:41

Ол қызметке орналасып, жас буынға білгенін үйреткісі келеді.  

"15,4 млн теңге несием бар": Әлем чемпионы министрден көмек сұрады
youtube.com

Алты ай бойы Астанадағы арақтан айықтыру орталығында емделген ауыр атлетикадан әлем чемпионы Алмас Өтешов ішімдіктен арылып, жаңа өмір бастағысы келеді. Алайда қаржы мекемелері алдындағы берешегі қолбайлау болып тұрған көрінеді. Несиесін жаппаса, жұмысқа орналасу оңай емес дейді спортшы.

"Уақыт көрсетеді" бағдарламасында қонақ болған Алмас Өтешов қарызға белшеден батқанын айтты. 

Несиесінің көлемі 15 млн 400 мыңға жеткен. Егер оны жаппаса, жұмыстан жалақы алмайды. Өйткені карталарының бәрі бұғатталған.

"Несием жабылса, ертең-ақ бапкер болуға дайынмын. Менің ЖСН-імді айтайын. Өздеріңіз қарап алыңыздар сенбесеңіздер. 15 млн 400 мың теңге қарызым бар. Көп дүниені көрдім. Жұмыс берген адамды ұятқа қалдырмаймын деп ойлаймын", - дейді спортшы.

Алмас Өтешов өзі аға ретінде құрмет тұтатын қазіргі Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановқа да хат жаған екен. Алайда, Whatsapp мессенджеріндегі хабарламасын Тұрлыханов оқығанымен, жауап бермепті.

2013 жылы Өтешов әлем чемпионатында жүлде алғанда сол кездегі Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев оған үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етіпті. Алайда, 10 жылдан астам уақыт өтсе де, пәтер спорт мектебінің балансында екен. Соны өз атына меншіктеп алғысы келеді.

Одан бөлек, Алмас Өтешов жаңа спорт министрі Ербол Мырзабосыновтан көмек сұрады. Егер ауыр атлетикадан шәкірт тәрбиелеуге қолғабыс етсе, сенімді ақтаймын деп отыр.

"Еліме қызмет еткім келеді. Өз білгенімді жас буынға үйреткім келеді. Өз саламда жұмыс істесем деймін. Көп жағдайды емделіп жатып өткізіп алдым. Жаңадан келген спорт министрі Ербол Мырзабосыновтан көмек сұраймын. Маған екі қолға бір күрек берсе, жастарға спорт бойынша білім беруге дайынмын. Жалпы министрліктен көмек беруін сұраймын. Сол ішімдіктің кесірінен көп дүниеден айырылдым", - деді Алмас Өтешов.

Еске салайық, Өтешов былтыр да осы YouTube-каналға сұхбат беріп, Қазақстанның ауыр атлетикасында болған талай былықтың бетін ашқан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір