
Бақтияр Артаев оған қолдау көрсетіп, жұмысқа орналасуына көмектескен.
Қазақстандық ауыр атлет Алмас Өтешов өз туған жері Қызылордада жаңа қызметке кірісті. Бұған дейін ол Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосыновтан жұмыс сұраған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев оған қолдау көрсетіп, жұмысқа орналасуына көмектескен.
«Жұмысқа кіріскеніме 10 күндей ғана болды. Нәтижесі болар. Қызметке дайынбыз. Қазір облыста біріншілік болып жатыр. Қазір әдіскер болып жүрмін. Осы қызметтен бастаймын. Қызылорда халқына да алғыс. Сұхбатты көрген екен. Таксистер ақша алмайды. Үйімді қайтару жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Үйдегілер де қуанды», - деді Алмас Өтешов.
Спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев Алмас Өтешовтің өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқаратынына сенімді екенін айтты.
Бұған дейін Алмас Өтешов ішімдікке тәуелділіктен емделгені және министр Мырзабосыновтан жұмыс сұрағаны хабарланған болатын. Енді атақты спортшы жаңа өмір бастауға мүмкіндік алып отыр.