ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия Кубогындағы жорығын аяқтады

Баскетболдан ерлер құрама командасы Азия Кубогының алғашқы іріктеу кезеңінен өте алмады.

Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия Кубогындағы жорығын аяқтады
tehrantimes.com

Астанада өткен матчта Тигран Гёкчянның шәкірттері Иран құрамасына 45:88 есебімен ойсырай жеңілді (13:25, 7:24, 9:18, 16:21).

Бұл жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы Е тобында төртінші орынға тұрақтап, Азия Кубогының финалдық кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. Келесі кезеңге тікелей жолдаманы Иран (1-орын) және Қатар (2-орын) командалары иеленді. Ал Үндістан (3-орын) құрамасы екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды.

Қазақстан құрамасы сапында ең нәтижелі ойыншы "Новосибирск" клубының қорғаушысы Олег Балашов болды. Ол 12 ұпай, үш рет допты қағып алу және төрт нәтижелі паспен көзге түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.