Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Өтешовтің өзі жұмыстан бас тартты": Ауыр атлетке қатысты мәлімдеме жасалды

Редактор Penalty.kz
01.03.2025, 08:33

Танымал ауыр атлет, допинг қолданғаны үшін әлемдік жарыстардағы жүлдесінен айырылған Алмас Өтешов соңғы кездері қиын кезеңді бастан кешіруде. Спортшы жұмысының жоқтығын, несиесінің көптігін айтып, отандық журналистерге сұхбат беруде. 

Vesti.kz
Vesti.kz

Осы орайда Sportbugin.kz Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Мадина Астамировадан осы мәселеге қатысты сауал жолдаған еді.

Федерация өкілінің айтуынша, Алмас Өтешов бапкерлік қызметтен өзі бас тартқан.

"Өзім де ауыр атлетикамен шұғылданып, он жылға жуық ұлттық құрамада болдым. Спортты аяқтаған соң да үнемі ауыр атлетика жарыстарын жіберген емеспін. Жанкүйер қатарында, кейін төрешілер құрамына іліктім. Осылайша, федерациямен байланыс орнатып, бүгінде бас хатшы қызметіндемін.

ҚР ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Мадина Астамирова

Алмас менің замандасым. Біз оған да талай рет жұмыс ұсындық. Бірақ ол Алматы қаласында балалар бапкері болудан бас тартты. «Мен кішкентай балалармен жүре алмаймын», — деді. Бірден ұлттық құраманың бапкері болғысы келді. Алайда, жаттықтырушы болудың да өзіндік шарттары бар. Бес жыл бапкерлік өтілі жоқ мамандарға ұлттық құрамада бірден жұмыс табылмайды. Өйткені, қаншама уақытын осы спорт жолында сарп еткізген жаттықтырушылар бар.

Ол мемлекет берген пәтерін жекешелендіріп беруді сұрады. Бірақ қазір ешбір Олимпиада чемпионы да, әлем чемпионы да мемлекеттен берілген пәтерді біршама уақытқа дейін жекешелендіре алмайды. Заң солай. Ал Алмас болса, пәтерді сатып, несиелерін жапқысы келді. Бұл жерде бәрі де адамның өзіне байланысты", — деді Мадина Астамирова.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 10
👎 1
😂 0
😡 6

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір