
Танымал қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова өзінің әлеуметтік желідегі жаңа жазбасын бөлісті.
“Спортшы қалтасында ақшамен емес, жүрегінде үмітпен, басында армандармен жүгіруі керек”, — деп жазды Алтынбекова Instagram парақшасында.
Бұған дейін волейболшы Индонезияның “Yogya Falcons” командасындағы маусым қорытындыларын жасап, бұл елге деген сүйіспеншілігін ашық білдірді.
“Мен сені жақсы көремін, “Yogya Falcons”. Мен сені сүйемін, Индонезия!”, — деп жазды Алтынбекова.
Айта кетейік, Сәбина Алтынбекова 2024 жылдың қазан айында “Yogya Falcons” командасымен келісімшартқа отырған болатын. Ал желтоқсан айында ол аталмыш индонезиялық команданың капитаны атанғанын хабарлады.