
Бьянка Андреескуден жеңілген соң, әлеуметтік желіде оның 2022 жылғы Уимблдондағы жеңісі еске алынып жатыр.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турниріндегі жеңілісінен кейін мем кейіпкеріне айналды. Бұл жағдай жанкүйерлер мен теннис қауымдастығында түрлі пікір тудырып жатыр.
12 мамыр күні Римде өткен WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина канадалық Бьянка Андреескуден (WTA №121) 2:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Бұл сенсациялық нәтиже жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, The Tennis Letter атты танымал Х (бұрынғы Twitter) аккаунты оны әзілмен қабылдады.
Платформада жарияланған суретте:
«Люди Икс» кейіпкері Росомаха төсекте жатып, қолында бір фотоны ұстап отырады
Суретте — 2022 жылғы Уимблдон бас жүлдесін ұстап тұрған Елена Рыбакина
Суреттің астында «Мені сол шаққа қайта апарыңдар...» деген жазуы бар.
Бұл — жанкүйерлердің Рыбакинаның чемпиондық кезеңін сағынғанын білдіретін нышан.
Мадридтегі WTA 1000 турнирінде де Рыбакина үшінші айналымда жарыстан шығып қалған болатын
2025 жылғы маусымда ол әлі бірде-бір WTA титулын жеңген жоқ.
Осыған дейінгі тұрақты нәтижелерімен көзге түскен теннисші бұл маусымда әзірге бабында емес.