Кәсіпқой бокс әлемінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бәсекелестік жаңа деңгейге шықты. Бұрын әуесқойлар арасында өрбіген тартыс енді кәсіпқой рингте де жалғасып жатыр. Екі елдің де әлемдік аренадағы беделі артып келеді. Осыған байланысты төрт беделді нұсқа бойынша (WBC, WBA, WBO, IBF) чемпион атанған боксшылар өзара салыстыр
Қазақстан чемпиондары
1. Василий Жиров
- IBF чемпионы (1999) — бірінші ауыр салмақ.
- 7 рет титулды қорғаған.
- Қазақстанда жекпе-жек өткізген алғашқы кәсіпқой чемпион.
2. Бейбут Шуменов
- WBA чемпионы (2010) — жартылай ауыр салмақ.
- 5 сәтті қорғау. Олимпиада қатысушысы.
- 4 жылдан астам уақыт белбеуді иемденген.
3. Геннадий Головкин (GGG)
- WBA, WBC, IBF чемпионы — орта салмақта.
- Орта салмақта титул қорғау бойынша рекордсмен.
- WBA титулын алғаш рет 2010 жылы иеленген.
- WBC және IBF белбеулерін 2014–2015 жылдары қосқан.
4. Жанат Жакиянов
- WBA чемпионы (2017) — жеңіл салмақта.
- Америкалық Уорренмен жекпе-жекте екі рет нокдаунға түсіп, соңында жеңіске жеткен.
- Титулынан кейінгі жекпе-жекте жеңіліп, мансабын аяқтаған.
5. Жәнібек Әлімханұлы
- WBO және IBF чемпионы — орта салмақта.
- 2022 жылы WBO, 2023 жылы IBF белбеуін иеленді.
- 6 титулдық жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.
Өзбекстан чемпиондары
1. Артур Григорян
- WBO чемпионы — жеңіл салмақта.
- 17 рет титул қорғаған. Өзбекстан атынан шыққан алғашқы кәсіпқой чемпион.
2. Руслан Чагаев
- WBA чемпионы — ауыр салмақта.
- 2007 жылы Николай Валуевті жеңіп, титул иемденді.
- Қорғау кезінде Владимир Кличкоға жеңілді.
3. Муроджон Ахмадалиев
- WBA және IBF чемпионы — екінші жеңіл салмақта.
- 8 жекпе-жектен кейін екі белбеу жеңіп алған алғашқы өзбек кәсіпқойы.
- Қазіргі таңда WBA нұсқасы бойынша уақытша чемпион.
3. Исраил Мадримов
- WBA чемпионы — бірінші орта салмақта.
- 2024 жылы Магомед Курбановты жеңіп, чемпион атанды.
- Бірақ кейін Теренс Кроуфорд пен Вёрджил Ортиске жеңілген.
Қорытынды
Десе де, Өзбекстанның қазіргі жас буыны — Шахрам Ғиясов, Бектемир Меликузиев, Хасанбой Дусматов, Отабек Холматов — барлығы әлем чемпионы болуға жақын. Сондықтан алдағы уақытта бұл тізім өзгеруі мүмкін.