
Хамзаальпер Ромашкин 2025 жылғы жасөспірімдер арасында таеквондодан (WT) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Дода Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатыр.
Ромашкин 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Ол финалда Канада өкілі Никола Самордичке қарсы ерік-жігер танытып, шешуші жеңіске жетті. Ал финалға дейінгі жолда қазақстандық спортшы Иордания, Иран және Тайбэй елдерінің мықты таеквондошыларын жеңіп шықты.
Жасөспірімдер арасындағы бұл жаһандық жарысқа 81 мемлекеттен 800-ден астам спортшы қатысып жатыр. Турнир 14 мамырға дейін жалғасады. тары