Қазақстан футзал құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде екі сатыға төмендеді
Футзалдан Қазақстан құрамасы жаңартылған ФИФА рейтингінде 7-орынға түсті.
Баходир Джалолов салмақ өлшеу рәсіміне жалғыз келді – қарсыласы қайда?!
Алайда оның қарсыласы - украиналық былғары қолғап шебері бұл рәсімде бой көрсетпеді.
Асхат Тағыбергеннің кесірінен "Тобылдың" жас жұлдызы "Ақтөбеге" ауыса ма?
Қазақстан Премьер-Лигасында трансферлік терезе жабылуға жақын. Соңғы аптада ең шулы жаңалықтардың бірі — Асхат Тағыбергеннің "Тобылға" қайта оралуы болды. Бірақ бұл келісім қостанайлық клубтағы өзге ойыншылардың тағдырына әсер етіп жатқан сияқты.
UFC жұлдызы Болат Заманбековпен жекпе-жек өткізеді
Алайда бұл айқас ММА емес, каратэ ережелері бойынша өтеді.
ҚМА Әділет Бәрменқұловтың қылмыстық іске қатысы туралы түсініктеме берді
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бұрынғы президенті Әділет Бәрменқұлов қылмыстық іс бойынша күдікті емес. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенат кулуарында мәлімдеді.
WBC Мейірім Нұрсұлтановқа әлем чемпионымен жекпе-жек өткізуге рұқсат берді
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы әлем чемпионы, Доминикан Республикасы өкілі Карлос Адамеске (24-1-1, 18 KO) қарсы міндетті қарсылас ретінде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановты (20-0, 11 KO) ресми түрде бекітті.
Ресей құрамасы УЕФА-ға оралғанда матчтарын қай елде өткізеді?
Ресей футбол федерациясының президенті Александр Дюков Ресей құрамасының УЕФА ресми турнирлеріне қайта қатысуы мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
Қазақстанда Баходир Джалоловқа "әділетсіздік" жасалды ма?
BoxRec рейтингі өзбекстандық боксшының алдағы кездесуіне төмен баға берді.
Батыр Жүкембаев Астанадағы жекпе-жек алдында жақсы жаңалық естіді
Қазақстандық бірінші жартылай орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 KO) Астанада өтетін кезекті жекпе-жегінің алдында жағымды жаңалық алды – Asianboxing.info сайты оны британдық Қейн Гарднерге (17-4, 7 KO) қарсы жекпе-жектің айқын фавориті деп атады.
Триумфтан кейінгі жеңісті бастама: Дмитрий Попко Мексикадағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (ATP рейтингінде 175-орын) Мексиканың Морелос қаласында өтіп жатқан турнирдің алғашқы кезеңінде жеңіске жетті.
Орталық Азия елдерінің футбол чемпионаттары біріктіріледі
Жуырда президенттер тиісті келісімшартқа қол қойды.
Қазақ баласы Өзбекстан атынан бокстан әлем кубогында медаль жеңіп алды
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing ұйымдастырған бокстан әлем кубогында этникалық қазақ Мадияр Данияров Өзбекстан құрамасы сапында жарқырап көзге түсті.
"Оның да екі қолы бар": француз боксшысы Жәнібек Әлімханұлынан неге қорықпайтынын түсіндірді
Франциялық кәсіпқой боксшы Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 KO) алдағы жекпе-жек алдында WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлынан (16-0, 11 KO) қорқасыз ба деген сұраққа жауап берді.
Нигериялық боксшы ринг үстінде есінен танып, көз жұмды (ВИДЕО)
Ганада өткен кәсіби бокс кешінде қайғылы жағдай болды. 40 жастағы нигериялық боксшы Габриэль Олувасегун Оланреваджу жекпе-жек кезінде есінен танып, артынша ауруханада қайтыс болды.
Бокстан Қазақстан құрамасы "Жібек Жолы" халықаралық турниріне қатысады
10-16 сәуір аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан "Жібек Жолы" халықаралық турнирі өтеді.
Александр Емельяненко: "Күн сайын аяғыма нық тұрып келемін"
Танымал ресейлік ММА ардагері Александр Емельяненко денсаулығына қатысты мәлімдеме жасап, жанкүйерлерін қуантты.
Сәуір болмай, тәуір болмас! Осы айда өтетін ғаламат ойындар
Ағымдағы ай футболсүйер қауымды Чемпиондар лигасы матчтары ғана емес, АПЛ алпауыттары арасында өтетін дербилер де қуантады.
Қазақстан vs Өзбекстан: Әлем кубогында боксшыларымыз кіммен жұдырықтасады?
Бүгін Бразилия елінде бокстан Әлем кубогы басталады.
Асхат Тағыбергеннің «Тобылдағы» жалақысы жарияланды
Жаңа клубтағы табысы Шымкентпен салыстырғанда едәуір төмен.
WTA рейтингі жаңарды. Елена Рыбакина тағы да төмен сырғыды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 10-орынға сырғыса, Юлия Путинцева бір саты алға жылжып, 23-орынға көтерілді.