Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Оның да екі қолы бар": француз боксшысы Жәнібек Әлімханұлынан неге қорықпайтынын түсіндірді

Сарапшы, спорт журналисі
02.04.2025, 07:18

Франциялық кәсіпқой боксшы Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 KO) алдағы жекпе-жек алдында WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлынан (16-0, 11 KO) қорқасыз ба деген сұраққа жауап берді. 

Vesti.kz
Реклама
Реклама

— Оның иелігінде екі чемпиондық белбеу бар. Соңғы екі жылдан бері IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Ол орта салмақтағы үздік боксшы. Сен нені қорқасың одан? – деген сұраққа Нгамиссенге былай деп жауап берді:

— Менің ойлау жүйем бөлек. Оның да екі қолы бар, менің де. Мен әрқашан жауынгерлік менталитетке сеніп келемін. Егер мені онымен бір рингке шығарса, бұл жайдан-жай емес. Бұл – менің осы деңгейге жетуге лайық екенімді білдіреді. Сол күні кім мықты — сол жеңеді. Мен одан ештеңе қорықпаймын.

Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссенге арасындағы тарихи жекпе-жек 5 сәуір күні Астанада өтеді. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары