Астана мен Алматы жолдарында Toyota Camry мен Chevrolet Cobalt көш бастады
Қазақстанның ең ірі қалалары — Астана мен Алматыдағы көлік қозғалысы зерттеліп, ең жиі кездесетін автокөлік маркалары анықталды.
Зерттеу нәтижелері: Астана
Астанадағы көлік қозғалысына қатысты талдау 2025 жылдың 12-20 ақпан аралығында жүргізілді. Бақылау нүктелері ретінде Тұран даңғылы (Орталық парк маңы) және Тұлпар көпірінен Қорғалжын тасжолына қарай түсетін жол таңдалған.
Зерттеу нәтижесінде ең көп тіркелген көліктер мыналар болды:
- Toyota Camry — 71 мыңға жуық тіркелу саны;
- Chevrolet Cobalt — 36,6 мың рет;
- Hyundai Tucson — 31,5 мың рет.
Сонымен қатар, үздік модельдер қатарына:
- Hyundai Elantra (24,3 мың),
- Hyundai Accent (22,5 мың),
- Toyota Land Cruiser Prado (22 мың),
- Қытайлық брендтердің көліктері (19 мың) кірді.
Айта кету керек, есептеу кезінде бір көлік бір учаскеде бірнеше мәрте өтуі мүмкін екенін ескерген жөн.
Зерттеу нәтижелері: Алматы
Алматы қаласындағы мәліметтер 2025 жылдың 17 ақпаны мен 7 сәуірі аралығында Әл-Фараби даңғылының Esentai Mall маңындағы учаскелерінде жиналды.
Бұл кезеңде мегаполистегі көшбасшы көліктер:
- Toyota Camry — 67,3 мың рет тіркелген,
- Chevrolet Cobalt — 63 мың рет,
- Hyundai Tucson — 38,1 мың рет.
Сондай-ақ:
- Hyundai Elantra — 30,8 мың,
- Hyundai Accent — шамамен 29 мың,
- Kia Rio — 22 мың мәрте тіркелген.
“Бұл деректер Sergek ITS интеллектуалды көлік жүйесі арқылы алынған. Біздің технологиялар жол қозғалысын бақылап, болашақтағы өзгерістерді болжауға мүмкіндік береді. Бұл — қалалар үшін тиімді көлік шешімдерін әзірлеуге көмектесетін маңызды қадам”, — деп мәлімдеді Sergek ITS компаниясының өкілдері.
