Қазақстандық актер әрі режиссер Нұртас Адамбай өзінің Facebook парақшасында премиум-класс санатына жататын спорттық кроссоверін сататынын хабарлады. Әңгіме 2021 жылы шыққан Mercedes-Benz GLE Coupe 53 AMG туралы болып отыр. Автокөліктің бағасы – 58 млн теңге.
Адамбайдың айтуынша, кроссовер 2022 жылы Германиядан жеткізілген және мінсіз күйде. Осы уақыт ішінде бар-жоғы 8,5 мың шақырым жүрілген.
Автокөлік толық жинақтамада: кеңейтілген былғары қаптама, жолдағы қауіпсіздік жүйелерінің толық жиынтығы, GLE 63 AMG үлгісінен алынған күшейтілген тежегіш жүйесі бар.
Нұртас Адамбай:
“Burmester аудиожүйесі, толық карбон-пакет, 360° камералар, алдыңғы орындықтарға массаж, Ambient Light жарықтандыру, ең толық жарық шамдары, барлық орындықтардың жылыту жүйесі, алдыңғыларының желдеткіші, AMG Units рөлде, алдыңғы әйнекке проекция, тіпті тіркегіш (фаркоп) те бар”.
Сондай-ақ, ол көлікті сатып алғаннан кейін полиуретандық қорғаныс пленкасымен қаптатып, “Blue Star” ресми дилерінде техникалық қызмет көрсеткенін атап өтті.
Көлік хабарландыруынан бір күн бұрын Нұртас Адамбай Facebook-те өзін-өзі бағалау және ішкі тыныштық туралы жазба жариялады. Ол ұзақ жылдар бойы кез келген қателік үшін өзін айыптап келгенін, тіпті өзіне қатысы жоқ жағдайлар үшін де кінәлі сезінгенін айтты.
Нұртас Адамбай:
“Құдайға шүкір, қазір мұны түсініп, өзімді жазғырудың қажеті жоқ екенін айта аламын. Не істесек те, өзімізді бағалауымыз керек. Кейбір әрекеттерімізді ұнатпауымыз мүмкін, бірақ өзімізге деген құрметті жоғалтпауымыз шарт”.