Жарнама
Жарнама

Италия Гран-приі: Ферстаппен жаңа рекорд орнатып, квалификацияны жарды!

Red Bull Racing командасының жұлдызы Макс Ферстаппен Италия Гран-приінің квалификациясында жаңа рекорд орнатып, поул-позишнді жеңіп алды. Бұл – Монцадағы нағыз жарқын көрсеткіш.

Италия Гран-приі: Ферстаппен жаңа рекорд орнатып, квалификацияны жарды!
барлық фото: ашық дереккөздерден алынған

Квалификация финалында үздік нәтиже көрсеткен Ферстаппен, Монцада жаңа трасса рекордын орнатты – 1 минут 18,792 секунд. Бұл нидерландиялық пилоттың биылғы маусымдағы бесінші, ал мансабындағы 45-ші поулы болды.

Екінші және үшінші уақытты McLaren командасының өкілдері Ландо Норрис пен Оскар Пиастри тіркеді. ТОП-10 қатарына бұдан кейін Шарль Леклер мен Льюис Хэмилтон (екеуі де – Ferrari), Джордж Расселл мен Андреа Кими Антонелли (екеуі де – Mercedes), Габриэль Бортолето (Sauber), Фернандо Алонсо (Aston Martin) және Юки Цунода (Red Bull) енді.

Италия Гран-приі: Ферстаппен жаңа рекорд орнатып, квалификацияны жарды!

Ферстаппен жарыстан кейін өзінің әсерімен бөлісті. Оның айтуынша, шешуші сессия алдында команда болидтің баптауын өзгертіп, жылдамдықты арттыра алды:

«Бұл трассада төмен аэродинамикалық қысымның кесірінен қателесу оңай. Бірақ біз бәрін дұрыс істедік. Машинам бүкіл уик-энд бойы жақсы жүрді, поул – бұл фантастикалық нәтиже!», – деді голландиялық пилот.

Жарысқа дейін Red Bull-дың қарқыны жеткіліксіз болып көрінгенімен, дұрыс техникалық шешім Максты тағы да шыңға шығарды.

Италия Гран-приі: Ферстаппен жаңа рекорд орнатып, квалификацияны жарды!

Юки Цунода да жарқырады

Red Bull-дың екінші пилоты Юки Цунода да финалға өтіп, оныншы уақыт көрсетті. Алайда Льюис Хэмилтон алған жазаға байланысты жапондық жас шабандоз жарысты тоғызыншы орыннан бастайды.

«Финалға шығу – мен күткен нәтиже. Әрбір Гран-при сайын біз прогресс жасап келеміз. Өткен аптада Зандфортта ұпай алуымыз соның дәлелі. Әрине, Монцада слип-стримсіз қиын болды, бірақ мен өзімнің тұрақтылығымды дәлелдеп жүрмін», – деді Цунода.

Юки Цунода да жарқырады

Ол сонымен қатар командадағы бірлікті ерекше атап өтті:

«Барлығы бір мақсат үшін жұмыс істеп жатыр. Максты поулмен құттықтаймын – бұл оңай жетістік емес».

Монцада алынған поул – Ферстаппеннің үстемдігін тағы да дәлелдеді. Цунода да тұрақтылық көрсетіп, ортаңғы пелотонда сенімді қадамдар жасауда. Бірақ басты сұрақ – Red Bull бұл артықшылықты жексенбідегі негізгі жарыста сақтай ала ма?  

Формула-1 жанкүйерлері үшін алда үлкен интрига: Монцадағы жылдамдық пен стратегия кімнің пайдасына шешілер екен?

Жарнама
Жарнама