Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Такси күрт қымбаттауы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
04.09.2025, 12:01

Қазақстанда такси бағасы күрт көтерілуі мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер мен көлік жалдау ақысының өсуі қызмет құнын бірден 40%-ға дейін шарықтатуы ықтимал. 

Inbusiness.kz
Реклама
Реклама

Келесі жылдан бастап Қазақстандағы такси қызметіне қатысты үлкен өзгерістер күтілуде. Алматының өзінде 30 мыңға жуық таксист жұмыс істейді. Олар күніне орта есеппен 17 мың теңге жалдау ақысы төлейді. Ал салық пен шығын көлемі артса, бұл сома одан әрі көбеймек. Бұл туралы offside.kz хабарлады. 

Таксопарк иелері бағаның көтерілуін амалсыз қадам деп түсіндіреді.

«Егер жаңа Салық кодексі қабылданса, біз көлік жалдау ақысын 40%-ға көтеруге мәжбүр боламыз. Бұл бірінші кезекте қарапайым жүргізушілерге әсер етеді. Басқа амал жоқ, әйтпесе бизнесіміз банкротқа ұшырайды», – дейді таксопарк жетекшісі Ілияс Успанов.

Таксистер не дейді?

Көптеген жүргізушілердің айтуынша, қазіргі шығынның өзі ауыр. Баға тағы көтерілсе, көпшілігі такси қызметінен кетуі мүмкін. Бұл жағдай нарықтағы жүргізушілер санын азайтып, жолаушылар үшін қолжетімділікті төмендетіп, тарифтердің өсуіне әкелмек.

Айта кетейік

Такси қызметі — қазақстандықтар үшін күнделікті қажеттілік. Егер шынымен де баға 40%-ға өссе, бұл қоғамдық көліктің тапшылығы жағдайында үлкен әлеуметтік мәселе тудыруы мүмкін. Сарапшылар билік пен нарық арасында баланс табылуы тиіс екенін айтады. Әйтпесе, таксопарктердің банкротқа ұшырауы мен жүргізушілердің азаюы тұрғындар үшін қос соққы болуы ықтимал.

 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары