Жаңа талапқа сәйкес, жүкті жолсерік арнайы таразымен өлшейді, ал белгіленген нормадан асқан әр келі үшін 60 теңге төлем алынады.
Қазақстанда пойызбен сапар шегетін жолаушылар енді қол жүгінің артық салмағы үшін қосымша ақы төлеуге міндеттеледі. Жаңа талаптар “Қазақстан темір жолы” компаниясы бекіткен ережеге сәйкес күшіне енді.
“Қазақстан темір жолы” қойған шектеулерге сәйкес:
Шекті салмақтан асқан әр келі үшін жолаушы 60 теңге төлеуі қажет. Төлем мөлшері жүретін жолдың қашықтығына да байланысты белгіленеді.
Жүкті өлшеу ісімен жолсеріктер айналысады. Егер жолаушы мен жолсерік арасында дау туса, пойыз бастығы арнайы таразы арқылы тексеріс жүргізеді. Артық салмақ анықталған жағдайда ресми құжат рәсімделіп, қосымша төлем жасалады.
“Егер белгіленген нормадан асса, қосымша тариф бойынша ақы төлеу керек. Жүк сол пойызбен жөнелтіледі”, – деді “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметінің PR-менеджері Сара Сахынбек.
Компания өкілдерінің айтуынша, бұл жаңашылдық жолаушыларға вагон ішінде жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін қолға алынған. Себебі артық көлемді сөмкелер тар орынға кедергі келтіреді.
Жаңа ереже әзірге тек арнайы жүк салғыш орындары бар пойыздарда енгізілгенімен, алдағы уақытта барлық бағыттарға таралуы мүмкін.