Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Формула-1 дәуірі жаңарады: Apple-мен рекордтық мәміле

Сарапшы, спорт журналисі
10.09.2025, 08:05

Apple компаниясы Формула-1-дің АҚШ-тағы көрсетілім құқықтарын сатып алуға жақын. Әлемдік техногигант жылына 120–150 миллион доллар төлеуге дайын екені айтылады. Егер келісім бекітілсе, Формула-1 медиа нарығында үлкен бетбұрыс жасайды.

фото: f1news.ru
Реклама
Реклама

Формула-1 медиа нарығында жаңа кезең басталуы ықтимал. Goldman Sachs конференциясында Liberty Media өкілі, атқарушы директор Дерек Чанг келіссөздердің қарқынды жүріп жатқанын жанамалай растады.

«Біз келіссөздерде айтарлықтай алға жылжыдық және барысына көңіліміз толады. Біз үшін маңыздысы – бізді мықты ете алатын серіктес табу. Бұл тек қаржы емес, сонымен бірге клиенттермен жаңа деңгейдегі байланыс орнату. Жақында жақсы жаңалықтармен бөлісеміз деп сенемін», – деді Чанг.

Журналистердің пікірінше, оның бұл сөзі Apple-мен жасалып жатқан келісімге тікелей ишара болды.

Қазіргі жағдайда ESPN Формула-1 трансляциясы үшін жылына 85 млн доллар төлейді. Apple ұсынып отырған сома одан екі есеге жуық көп. Бұл АҚШ нарығында F1-дің маңызын айқын көрсетеді.

Стриминг дәуіріне қадам

Liberty Media соңғы жылдары Формула 1-ді дәстүрлі теледидардан цифрлық платформаға көшіру стратегиясын ұстанып келеді. Стриминг сервистері көрерменге:

  • кез келген құрылғыдан көруге,
  • көп форматты контентті таңдауға,
  • интерактивті тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Apple келісімі іске асса, Формула-1 аудиториясы АҚШ-та ғана емес, жаһандық деңгейде де күрт өседі.

Формула-1 мен Apple-дің ықтимал серіктестігі – спорт пен технологияның тоғысқан жаңа үлгісі болмақ. Бұл келісім ақшаға ғана емес, стратегиялық ықпалға да қатысты. Apple-дің медиа қуаты мен аудиторияны тарту қабілеті Формула 1-ді жаңа деңгейге көтеруі ықтимал.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары