Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Льюис Хэмилтон "жақын досының" өмірден өткені туралы хабарлады

Сарапшы, спорт журналисі
30.09.2025, 11:16

«Феррари» пилоты Льюис Хэмилтон өзінің 12 жасар бульдогы Росконың ауру салдарынан қаза болғанын хабарлады.

Льюис Хэмилтон
Реклама
Реклама

Ит жексенбі кешінде, 28 қыркүйекте көз жұмды. Бұған дейін Хэмилтон жануарда пневмония дамып, оны жасанды комаға енгізгенін айтқан еді.  Бульдогтың жағдайына байланысты Хэмилтон «Ферраримен» бірге «Пиреллидің» шиналарды сынақтан өткізуінен бас тартқан.

«Төрт күн бойы аппараттарға қосылып, бар күшімен күрескеннен кейін мен өмірімдегі ең ауыр шешім қабылдауға мәжбүр болдым – Роскомен қоштастым. Ол соңына дейін күресіп бақты. Жылдар бойы Роскоға көрсеткен сүйіспеншілігіңіз бен қолдауыңыз үшін баршаңызға рақмет. Ол менің құшағымда жан тапсырды. Мен ең жақын досымды жоғалттым», – деді Хэмилтон.

40 жастағы Хэмилтон – «Формула-1»-дің жеті дүркін чемпионы. Ол «Патшалық жарыстарда» 105 жеңіске жетіп, 202 мәрте тұғырдан көрінген. Британиялық спортшы «Феррари» сапында 2025 жылғы маусымнан бері жарыстарға қатысуда.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары