Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Өзбекстан Формула 1 Гран Приін өткізуге қызығушылық танытты

Сарапшы, спорт журналисі
10.10.2025, 11:56

Соңғы жылдары Өзбекстан елінде спорт қарқынды дамуда.

Сүрет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Өзбекстанда Формула 1 жарысын өткізуге қызығушылық танытылып отыр. Формула 1 президенті және атқарушы директоры Стефано Доменикали бірнеше рет көптеген елдердің Гран При өткізгісі келетінін айтқан. Соңғы уақытта бұл тізімде Оңтүстік Корея, Таиланд, Португалия, Германия, Түркия, Оңтүстік Африка Республикасы, тіпті автоспортқа экзотикалық саналатын Марокко мен Руанда да аталды.

Енді бұл әсерлі тізімге Өзбекстан да қосылды. Британ журналисі Джо Савардың айтуынша, Өзбекстан өкілдері Сингапур Гран При жарысына қатысып, болашақта Формула 1 кезеңін өткізу мүмкіндігін алдын ала талқылау үшін келіссөздер жүргізген. Қазір Өзбекстанда спортқа ерекше назар аударылып отыр. Елдің ұлттық футбол құрамасы алғаш рет 2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, ал желтоқсан айының басында Ташкентте FIA чемпиондарын марапаттау рәсімі және ұйым президентін сайлау өтеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары