Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстанда көлік өндірісі рекорд жаңартты

Сарапшы, спорт журналисі
29.10.2025, 18:15

Сарапшылардың айтуынша, сала соңғы бес жылда екі есеге артқан.

Qazaly.kz
Реклама
Реклама

Қазақстанда көлік өндірісі қарқынды дамып келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың 9 айында отандық зауыттардан 110 мыңнан астам көлік шығарылған, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 17% жоғары.

Былтыр осы уақытта бұл көрсеткіш 93 мың көлік болған. 

Елде негізінен жеңіл автокөліктер өндіріледі. Бірақ соңғы айларда жүк көліктері, автобустар, ауыл шаруашылығы мен арнайы техникалардың үлесі де артқан.

Автонарықтағы соңғы бес жыл

Көлік өндірісінің динамикасы жыл сайын тұрақты түрде өсіп келеді. Автонарықты мониторинг және талдау агенттігінің деректері төмендегідей:

  • 2020 ж. – 77 мың көлік
  • 2021 ж. – 93 мың көлік
  • 2022 ж. – 114,5 мың көлік
  • 2023 ж. – 147 мың көлік
  • 2024 ж. – 149 мың көлік
  • 2025 ж. (9 айда) – 110 мың көлік

Осы статистикаға сүйенсек, бес жыл ішінде өндіріс көлемі екі есеге артқан. Бұл – Қазақстан экономикасындағы ең тұрақты өсім көрсетіп отырған салалардың бірі.

Қай зауыттар көш бастап тұр?

Нарықтағы басты ойыншылар – «СарыарқаАвтоПром», «Азия Авто», «Hyundai Trans Kazakhstan» және «КАМАЗ-Инжиниринг». Олар отандық өндірістің негізгі бөлігін қамтамасыз етеді.

Мәселен, Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» биылдың өзінде 60 мыңнан астам көлік шығарған. Сондай-ақ Шымкент пен Алматыдағы жаңа құрастыру алаңдары өндіріс қуатын арттыруға үлес қосуда.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары