Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасы Токиодағы Сурдлимпиадада 25 медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 00:01

XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есебінде 8 алтын, 4 күміс және 13 қола, яғни 25 медаль жеңіп алып, табысты нәтиже көрсетті. 

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Сурдо дзюдода бағымыз жанды

Қазақстандық спортшылардың ең жарқын жетістіктері сурдо дзюдо жарыстарында тіркелді.

Бұл спорт түрінен біздің құрама:

  • 5 алтын,
  • 2 күміс,
  • 4 қола медаль иеленіп, барлығы 11 жүлде еншіледі.

Осы нәтижемен қазақстандық дзюдошылар командалық есепте бірінші орынға шығып, Сурдлимпиаданың басты фавориттерінің біріне айналды.

Күрес кілемінде – толық комплект медаль

Күрес түрлерінде де Қазақстан туы биікте желбіреді.

Еркін күрес бойынша:

  • 1 алтын,
  • 1 күміс,
  • 3 қола медаль.

Грек-рим күресінде ұлттық құрама толық жинақ жасап алтын, күміс, қола медальдің әрқайсысын бір-бірден жеңіп алды.

Осылайша қазақстандық балуандар Сурдлимпиададағы өз салмақтарында бәсекелестік өте жоғары болғанына қарамастан, тұрақты нәтиже көрсетті.

Жеңіл атлетика: Фаина Мейірманованың рекорды

Жеңіл атлетикада да Қазақстан спортшылары жүлдесіз қалған жоқ.

Ұлттық команда бұл спорт түрінде 1 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.

Әсіресе, Фаина Мейірманованың нәтижесі ерекше атап өтуге тұрарлық. Ол биіктікке секіруден 1,79 метр көрсеткішке қол жеткізіп, Сурдлимпиада ойындарының чемпионы атанды. Жарыстың жаңа рекордын орнатты.

Бұл нәтиже Токио төріндегі жарыстың айшықты сәттерінің біріне айналды.

Таеквондо мен үстел теннисінен – қола медальдер легі

Таеквондо бәсекелерінде Қазақстан спортшылары тағы үш рет жеңіс тұғырына көтерілді – 3 қола медаль.

Сонымен қатар ерлер құрамасы үстел теннисінен командалық есепте жақсы ойын өрнегін көрсетіп, қола жүлдегер атанды.

Бұл жүлделер Қазақстан құрамасының жалпы медаль қорын толықтырып, команданың көпсалалы дайындығын айқын көрсетті.

Токиодағы Сурдлимпиада: сандар және Қазақстан құрамасы

XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары Жапония астанасы Токиода өтті.

Бұл – есту қабілеті бұзылған спортшыларға арналған ең ірі халықаралық көпкүнді жарыс, төрт жылда бір рет ұйымдастырылады.

Биылғы ойындарға 81 елден шамамен 3000 спортшы қатысты.

Жарыс бағдарламасына 21 спорт түрі бойынша 209 медаль жиынтығы енгізілді.

Қазақстан намысын 8 спорт түрінде өнер көрсеткен 78 спортшы қорғады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары