Бейнеуде көлік тізгіндеген жасөспірім патрульдік автомен соқтығысты (ВИДЕО)
26.11.2025, 09:19
17 жастағы бозбаланың көлік басқаруға рұқсаты болмаған.
kz.kursiv.media
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жасөспірім тізгіндеген Toyota Camry патрульдік полиция көлігімен соқтығысты. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп, жағдай бойынша қызметтік тексеріс басталды.
Жазбада жоғары жылдамдықпен келе жатқан Toyota Camry көлігінің патрульдік автокөлікке соғылған сәті анық көрінеді.
Полиция департаменті мәлім еткендей, көлікті 17 жастағы жасөспірім жүргізген.
Ата-ана жауап береді
Маңғыстау облыстық ПД хабарлауынша, жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік шара қолданылады:
- кәмелетке толмаған баланы көлік тізгініне отырғызғаны үшін;
- тәрбие міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін.
Полиция қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, жасөспірім бұрын көлік басқаруға рұқсаты болмаған.
Соқтығыс салдарынан ешкім жарақат алмаған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама