АВТОВАЗ басшысы ресейлік көліктер бағасының не себепті өсетінін түсіндірді.
2021 жылдан бері Lada Ресейде 72% қымбаттағанына қарамастан, АВТОВАЗ бағаларды тағы өсіретінін мәлімдеді. Компания мұны макроэкономикалық қысыммен және өзіндік құнның артуымен түсіндіреді.
АВТОВАЗ бас директоры Максим Соколов бұл жаңалықты «Транспорт России» форумында айтты. Оның сөзінше, бағаның ұлғаюына бірнеше негізгі фактор әсер етіп отыр:
Соколовтың айтуынша, соңғы баға индексациясы бір жыл бұрын, қаңтарда болған, әрі ол 2 пайызға да жетпеген.
«Соңғы индексация бір жыл бұрын қаңтарда болды, екі пайызға да жетпеді, бұл ресми инфляция деңгейінен бірнеше есе төмен. Өсімді мұнша ұзақ тежеп тұру мүмкін емес, өйткені импорт қымбаттады», — деп келтіреді ТАСС АВТОВАЗ басшысының сөзін.
Компания басшысы Lada-ға сұраныс төмендеп жатқанын мойындады. Сол себепті өндіріс көлемін азайтуға мәжбүр.
Қазақстанда аталған көліктерге сұраныс қайта өсе бастады.
2024 жылдың 10 айындағы көрсеткіштер:
750 автомобиль сатылған, оның 745-і — Granta.
2025 жылы (қаңтар–қазан) 2303 көлік сатылған.