Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

БҚО тас жолындағы қайғылы жағдай: сегіз адам қаза тапты

Сарапшы, спорт журналисі
18.11.2025, 09:04

17 қараша күні облыстық маңызы бар «Шапай – Жаңақала – Сайқын» автожолында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері соқтығысқан.

kz.kursiv.media
Реклама
Реклама

Батыс Қазақстан облысында болған жантүршігерлік жол апатында сегіз адам қаза тауып, төрт адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға «Шапай – Жаңақала – Сайқын» тас жолының 50-шақырымында болды

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 17 қараша күні облыстық маңызы бар «Шапай – Жаңақала – Сайқын» автожолында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері соқтығысқан.

Қатты соқтығысудан кейін көліктердің бірі өртеніп кеткен. Салдарынан сегіз адам оқиға орнында көз жұмды, ал төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз адам қаза тауып, төртеуі емханаға жатқызылды. Оқиға орнында полиция, ТЖМ және жедел-тергеу тобы жұмыс істеді», — делінген БҚО ПД хабарламасында.

Тергеу және болжам

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің бірі қарсы бағытқа шығып кеткен деген болжам бар. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция қозғалыс кезінде сыртқы кедергілер болмағанын, апаттың адам факторы салдарынан болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Біздің басты өтінішіміз — жүргізушілер жол ережесін қатаң сақтасын. Әсіресе адамдарды тасымалдау кезінде кез келген қателік — адамның өмірін жалмауы мүмкін», — деп ескертті полиция өкілдері.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары