Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қарағанды облысында инкассатор көлігі отқа оранды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
04.12.2025, 14:04

Жол апатынан жүргізуші қайтыс болды. 

Liter.kz
Реклама
Реклама

Қарағанды облысындағы «Қарқаралы – Қарағайлы» автожолында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан инкассаторлық қызмет атқарған Lada Largus көлігінің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, Lada Largus көлігімен соқтығысқан. Largus Қарқаралы аудандық поштасының филиалына тиесілі болған және инкассаторлық қызмет атқарған.

Қатты соққыдан кейін көлік өртеніп кеткен. Кейбір деректер бойынша, инкассаторлық машинада шамамен 3 миллион теңге болған. Алайда полиция бұл ақпаратқа түсінік бермеді.

Зардап шеккендер 28 жастағы инкассатор жүргізушісі — оқиға орнында көз жұмды. Оның 36 жастағы әріптесі және Camry көлігінің 41 жастағы жүргізушісі — медициналық мекемеге жеткізілді.

Полиция не дейді?

Қарағанды облыстық ПД мәліметінше:

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Camry жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр».

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары