Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Норрис, Ферстаппен және Пиастри: Абу-Дабиде кім оза шабады?

Сарапшы, спорт журналисі
04.12.2025, 21:16

2025 жылғы Формула-1 маусымы Абу-Дабидегі соңғы кезеңмен аяқталып, дәл осы жерде әлем чемпионы анықталады. Биылғы титул үшін тартысты жарысты үш пилот жалғастырып отыр: Ландо Норрис, Макс Ферстаппен және Оскар Пиастри. Penalty.kz биыл чемпион атану үшін әрқайсысына қандай нәтиже қажет екенін шолып шықты.

f1news.ru
Реклама
Реклама

Норрис – титулға негізгі үміткер

Қазірг Ландо Норрис чемпионат кестесінде бірінші орында тұр. Ол Макс Ферстаппеннен 12 ұпайға, ал командаласы Оскар Пиастриден 16 ұпайға алда келеді.

Формула-1 ережесіне сәйкес, жарыстағы жеңіс үшін 25 ұпай беріледі. Осыған байланысты Норриске Абу-Дабиде әлем чемпионы атану үшін подиумға көтерілу жеткілікті. Осы жағдайда қарсыластарының нәтижесіне қарамастан титул өз қолында болады.

Егер Ландо подиумнан тыс қалса, есеп-қисап күрделене түседі. Онда бәрі Ферстаппен мен Пиастридің фиништік позицияларына байланысты болады.

Ферстаппен: бесінші титулға тек мінсіз нәтиже арқылы

Макс Ферстаппен әлі де болса қатарынан бесінші титулды жеңіп алу мүмкіндігін сақтап отыр. Егер ол мұны жүзеге асырса, осы көрсеткіш бойынша Михаэль Шумахермен теңеседі.

Алайда нидерландтық пилотқа Абу-Дабиде чемпион болуы үшін:

  • Кем дегенде алғашқы үштікте келу қажет;
  • Сонымен қатар Норрис пен Пиастри белгілі бір орындардан төмен мәреге келуі тиіс.

Яғни Макстың тағдыры тек өз нәтижесіне емес, басты бәсекелестерінің көрсеткіштеріне де тәуелді.

Пиастридің мүмкіндігі – ең аз, бірақ мүмкіндік бар

Үш үміткердің ішінде ең қиын жағдай Оскар Пиастриде. Австралиялық пилоттың титулды жеңіп алуы үшін өте жоғары жоспар қажет:

  • Оған екінші орыннан төмен түспеу керек;
  • Сонымен бірге Норрис пен Ферстаппен де белгілі бір төмен позицияларда келуі тиіс.

Яғни Пиастриге тек мінсіз жарыс емес, қарсыластарының сәтсіздігі де керек болады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары