Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Чемпион бола ма? Макс Ферстаппен Абу-Даби Гран-приінің іріктеу кезеңін жеңді

Сарапшы, спорт журналисі
06.12.2025, 21:55

Ферстаппен тағы да қарсыластарына мүмкіндік қалдырмады.

championat.com
Реклама
Реклама

«Ред Булл» командасының төрт дүркін және қазіргі әлем чемпионы Макс Ферстаппен Абу-Даби Гран-приінің іріктеу сессиясында үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды Ландо Норрис, үшінші орынды оның командаласы Оскар Пиастри иеленді.

«Макларен» командасы да аайтарлықтай жақсы нәтиже көрсетті. Ландо Норрис небәрі 0.108 секундқа артта қалып, мәреге екінші келді. Ал оның серіктесі Оскар Пиастри үздік үштікті түйіндеді.

Ал Ферраридің басты үміті, жеті дүркін әлем чемпионы Льюис Хэмилтон бұл жолы да сәтсіздікке ұшырады. Тек 16-орынмен шектелді.

Айта кетерлік бір жайт, Льюис Хэмилтон Феррари тарихында алғаш рет қатарынан үш Гран-при іріктеуінің бірінші сегментінен шығып қалған пилот атанды.

Толық нәтижелер

Формула-1. Гран-при Абу-Даби. Іріктеу кезеңі

  1. Макс Ферстаппен (Ред Булл) — 1:19.387
  2. Ландо Норрис (Макларен) +0.108
  3. Оскар Пиастри (Макларен) +0.264
  4. Джордж Рассел (Мерседес) +0.275
  5. Шарль Леклер (Феррари) +0.459
  6. Фернандо Алонсо (Астон Мартин) +0.727
  7. Габриэл Бортолето (Кик-Заубер) +0.900
  8. Эстебан Окон (Хаас) +1.031
  9. Исак Хаджар (Рейсинг Буллз) +1.090
  10. Юки Цунода (Ред Булл) +1.174

Екінші сегменттен кейін жарыстан шығып қалғандар

  1. Оливер Берман (Хаас) — 1:23.041

  2. Карлос Сайнс (Уильямс) — 1:23.042

  3. Лиам Лоусон (Рейсинг Буллз) — 1:23.077

  4. Андреа Кими Антонелли (Мерседес) — 1:23.080

  5. Лэнс Стролл (Астон Мартин) — 1:23.097

Бірінші сегменттен кейін жарыстан шыққандар

  1. Льюис Хэмилтон (Феррари) — 1:23.394

  2. Алекс Албон (Уильямс) — 1:23.416

  3. Нико Хюлькенберг (Кик-Заубер) — 1:23.450

  4. Пьер Гасли (Альпин) — 1:23.468

  5. Франко Колапинто (Альпин) — 1:23.890

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары