Формула-1 маусымы ресми аяқталды!
26 жастағы британдық автожүргізуші Ландо Норрис «Макларен» командасы атынан өнер көрсетіп, 2025 жылғы маусымның соңғы кезеңі — Абу-Даби Гран-приінің қорытындысы бойынша жеке есепте чемпион атанды.
Абу-Дабидегі финалдық кезеңге Норрис чемпионаттың көшбасшысы ретінде келді. Ол «Ред Булл» командасының төрт дүркін чемпионы, қазіргі титул иегері Макс Ферстаппеннен 12 ұпайға алда тұрған. Титулды жеңіп алу үшін британдыққа алғашқы үштікке кіру жеткілікті болды.
Норрис Формула-1-де 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол «Макларен» командасының негізгі пилоты ретінде Австралия Гран-приінде дебют жасаған. 2024 маусымында да ол жеке есептегі титул үшін күрескен, алайда вице-чемпион атанған.