Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жол қауіпсіздігін бақылап тұрған полицейді көлік қағып кетті

Сарапшы, спорт журналисі
08.12.2025, 14:00

Тәртіп сақшысы оқиға орнында көз жұмды. Қазір осы факт бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Zakon.kz
Реклама
Реклама

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан жол қауіпсіздігін бақылап тұрған 27 жастағы патрульдік полиция инспекторы Асанәлі Әскербековті көлік қағып кетіп, қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу басталды.

Қайғылы оқиға 7 желтоқсан күні Астана–Ерейментау–Шідерті автожолында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік инспекторға соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы кезінде ауа райы нашарлап, көктайғақ болғаны хабарланды.

Марқұм жайлы

Асанәлі Әскербеков ішкі істер органдарында 5 жыл қызмет етіп келген. Артында жұбайы мен екі баласы қалды. Кіші сәбиіне 40 күн де толмаған.

Облыстық ПД басқарма бастығы Ғалымжан Садықов жағдайға қатысты түсініктеме берді:

«Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрам қаза тапқан әріптестерінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмағаны және жүргізушілерге қауіп туралы  жол қауіпсіздігін қамтамасыз еткен патрульдік полиция инспекторына соқтығысуына жол бергені алдын ала анықталды. Осы факті бойынша мұқият және обьективті  тергеу жүргізілетініне сендіреміз».

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары