«Формула-1» автошабандозы жарыс кезінде қарсыласына ортаңғы саусағын көрсетті

Редактор Penalty.kz
28.10.2024, 11:52

«Формула-1» жарысы бойынша Мексикадағы Гран-при кезеңінде автошабандоздың бірі қарсыласып озып бара жатып, ортаңғы саусағын көрсетті. 

championat.ru

«РБ» командасының жаңазеландиялық автошабандозы Лиам Лоусон қарсыласты басып озу кезінде «Ред Булл» командасының пилоты Серхио Переске ортаңғы саусағын көрсетті. 

Жарыс кезінде Перес Лоусонды жол шетіне шығарып жіберуге тырысқан, бірақ «РБ» командасының өкілі жолда қалып, кейін Перестің көлігінің оң жақ бүйірін зақымдады.

Кейін пит-стоптан шыққаннан соң, Лоусон старттық түзу жолда переске ортаңғы саусағын көрсетті. 

Жарыс нәтижесі бойынша, Перес ең соңғы, ал Лоусон оның алдында аяқтады.

Бір қызығы, екеуі әртүрлі командаларда болғанымен, екеуінің де иесі бір — «Ред Булл» концерні. Лоусон бұл маусымда «РБ» командасы үшін бірнеше ғана жарысқа қатысып, Даниэль Риккардоны алмастырды.

Айта кетейік, жарыстың жеңімпазы «Феррари» командасының өкілі Карлос Сайнс болды, екінші орынды «Макларен» командасынан Ландо Норрис, ал үшінші орынды тағы бір «Феррари» өкілі Шарль Леклер алды.