Берешегі ең көп 10 борышкердің қарызы 45 миллион теңгеден асады.
Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаменті көлік салығы бойынша берешегі ең көп 10 борышкерді атады.
Ағымдағы жылдың 30 қазанына дейінгі жағдай бойынша мүлік салығы бойынша жалпы қарыз 2,616 миллиард теңгені құраған. Оның ішінде 2,140 миллиард теңге көлік салығына тиесілі.
Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің деректері бойынша, қарызы ең көп 10 борышкерлердің тізімі мынадай:
Тізімге сәйкес, 10 борышкердің алтауы Lexus LX 470 немесе 570 автокөліктеріе ие. Олардың жалпы қарызы 45 миллион теңгеден асады.