Елімізде жол-көлік оқиғасы көбейді
07.11.2024, 15:39
Апаттың дені оңтүстік өңірлерде болған.
Kazlenta.kz
Биыл Қазақстан бойынша 23 мыңнан астам жағдай тіркелген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 7500-ге көп. Ал 2022 жылы болған көлік апаты биылмен салыстырғанда 8500-ге аз. Алда әлі екі ай барын ескерсек, бұл сан тағы еселенері сөзсіз.
Апаттың дені оңтүстік өңірлерде болған. Мәселен, Алматы қаласында 5 мың, Алматы облысында 2 жарым мың, Жамбыл облысында 1,5 мың жағдай тіркелген. Сол секілді, Астана, Шымкент шаһарларында да қатер көп. Ол аймақтарда да мыңнан аса жол апаты болған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама