Жазғы дөңгелекпен жүргендер қанша айыппұл арқалайды?

Редактор Penalty.kz
13.11.2024, 10:17

Елімізде ресми түрде көлік жүргізудің қысқы маусымы 1 желтоқсанда басталады.

SN.kz

Елімізде ресми түрде көлік жүргізудің қысқы маусымы 1 желтоқсанда басталады. Осы ретте дөңгелегін уақытылы ауыстырмаған жүргізушілер заң бойынша қанша айыппұл арқалауы мүмкін?

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған ресми мәліметтерге сай, М1 және N1 санаттағы автомобильдер жазғы кезеңде (маусым, шілде, тамыз) қарға қарсы шиналармен жабдықталған болса, ал қыс мезгілінде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналар орнатылмаған болса, көлік пайдалануға тыйым салынады.

Ал ереже бұзған жағдайда ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік көзделген, яғни бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. 2024 жылы бұл айыппұл сомасы - 18 460 теңге.

Айта кетейік, соңғы күндері еліміздің солтүстігінде толассыз қар жауып, жол қозғалысы айтарлықтай қиындай түсті. Соның кесірінен өткен демалыс күндері Астанада 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді.