BMW Need for Speed ойынындағы көлікті жасап шығарды
27.11.2024, 19:07
Спорткар атақты ойын франшизасының 30 жылдығына арналған.
kolesa.kz
BMW мен Electronic Arts корпорациясы NFS әлеміндегі ең атақты спорткардың бірі — BMW M3 GTR купесін жасап шығарды. Аталған темір тұлпар тұңғыш рет 2005 жылы NFS: Most Wanted-те пайда болды.
Жоба BMW M3 GTR-дің трек нұсқасына негізделген, оның сырт пішіні толығымен ойын прототипі стилінде жасалған.
GTR 4 литрлік V8 моторымен жүреді. 350 ат күші бар. Қозғалтқыш 6 сатылы механика қорап және дифференциалды бұғаттау жүйесімен жұмыс істейді. Автомобильдің ең жоғары жылдамдығы — 295 км/сағ.
Need For Speed ойынындағы көлік 27 қараша мен 6 қаңтар аралығында Мюнхенде өтетін BMW Welt көрмесінде көпшілік назарына ұсынылмақ.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама