Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Қыз жүргізген". Енді көлікке иелік ету тарихын eGov-тан білуге болады

Сарапшы, спорт журналисі
29.11.2024, 12:45

Жаңа қызмет смартфонда қолжетімді.

Bluescreen.kz
Реклама
Реклама

«Бір иесі бар. Қыз жүргізген» деген хабарландыруды жиі кездестіруге болады. Енді сатушылардың сөзі қаншалықты шын немесе өтірік екенін смартфондағы eGov арқылы тексеруге болады. 

Бірақ көліктің өмірбаянын тексеру үшін мемлекеттік нөмір ғана емес, техникалық паспорттың да нөмірі қажет.

Сервисті пайдалану үшін келесі қадамды орындау керек:

eGov Mobile қосымшасына кіріңіз;
«Қызметтер» бөлімінен «Жүргізу және көлік» қызметіне өтіңіз;
«Автокөлікті иелену тарихы» дегенді таңдаңыз;
автомобильдің мемлекеттік нөмірін және техникалық паспорттағы нөмірін жазыңыз;
«Іздеу» батырмасын басып, көлік құралына иелік ету тарихы туралы мәлімет алыңыз.

Көліктің иесі үй мен кеңсе арасында жүргізгені, нақты қанша шақырым жүргені және машина қандай жол апатына түскені туралы ақпарат ала алмайсыз. Бірақ сізге дейін қанша иесі болғанын білуге болады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары

Теги: