Поль Погбаның ағасы адам ұрлағаны үшін бір жылға темір торға тоғытылды.
Еске сала кетсек, 26 қарашада Парижде Погбаны ұрлауға және 13 млн евро бопсалауға қатысты сот отырысы өткен. Оған Польдің ағасы Матиа күдікті ретінде қатысқан.
Прокурорлар Матиа Погбаға 3 жылға бас бостандығынан айыруды (2 жыл шартты түрде) үй қамағына алу немесе электронды білезік тағу мүмкіндігімен сұраған. Ал қылмыстық топтың басқа бес мүшесі үшін 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырып, 20 мың еуро айыппұл және 10 жылға қару алып жүруге тыйым салуды талап етті.
Сот Матиа Погбаны үш жылға дейін қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде (оның екі жылы шартты түрде) бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар 20 мың евро көлемінде айыппұл салды
Қалған бес айыпталушы 1 жылдан 8 жылға дейін түрмеде жазасын өтеп,20 мыңнан 40 мың евроға дейін айыппұл арқалады. Одан қалды бесеуіне келесі 10 жыл мерзім бойы қару алып жүруге тыйым салынды.