Қала әкімі Жеңіс Қасымбек сол жағалаудағы екі көшенің біржолақты болатынын хабарлады.
Елорда әкімінің айтуынша, Түркістан мен Ақмешіт көшелері біржолақты болады. Олар Сарайшықтан бастау алып кейін Бәйтерек арқылы Ботаникалық баққа дейін созылып, ЭКСПО маңайында қиылысады.
"Мысалы оңтүстіктен солтүстікке қарай қозғалғанда Түркістан көшесі арқылы оң жақты қозғалыс Бәйтерек жақта болуы мүмкін. Ал аялдамалар жолдың тұрғын үй және коммерциялық нысандар орналасқан оң жақ бөлігінде болады. Сәйкесінше, Ақмешіт көшесін қарсы бағытта біржолақты етеміз. Қазір мамандармен бәрін есептеп жатырмыз. Бұл транспорттық схемаларды әлдеқайда жеңілдетеді. Егер оң жақтан, яғни Желілік саябақта құрылыстар болса қандайда шағымдар болар еді. Ал оның ортасын жасыл аумақ болғандықтан ешқандай мәселе туындамайды деген ойдамын", — деді Жеңіс Қасымбек.