2025 жылы автомобильді алғашқы тіркеу ақысы қанша болады

Редактор Penalty.kz
04.01.2025, 22:50

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап АЕК 3 932 теңге болады. Соған сай көлік тіркеу алымы өседі. 

tumba.kz

Қазақстанда алғашқы тіркеу ақысының мөлшері айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты. АЕК жыл сайын өседі, соған сай машина тіркеу алымы да жоғарылайды. Бұл туралы kolesa.kz жазады. 

Алғашқы тіркеу ақысы Қазақстанда алғаш рет тіркеліп жатқан автомобильге қатысты.

Алым мөлшері қозғалтқыштың түріне — электрлі немесе дәстүрлі мотор болғанына байланысты. Сондай-ақ, алым мөлшеріне көлік құралының шыққан жылы әсер етеді: 3 және одан көп жыл бұрын шыққан жеңіл автомобильді тіркеу ақысы шыққанына 2-3 жыл болған машинадан 10 есе көп.

Мысалы, 2022 жылғы машина 2025 жылы шыққанына 3 жыл және одан көп болған категорияға жатады. Шыққан жылы ретінде машинаның зауыттық тақтайшасында көрсетілген уақыт есептеледі. Гибрид немесе дәстүрлі мотормен жүретін Toyota Camry-ді (М1 категориясы) тіркеу үшін иесі 500 АЕК (1 966 000 теңге) ақы төлейді.

Алғашқы тіркеу ақысына техпаспорт пен мемлекеттік нөмір алымы енбейді, олар сәйкесінше — 1.25 АЕК және 2.8 АЕК. 2025 жылы бұлар 15 924.6 теңге болды.

Айта кетейік, Қазақстанда АЕК өскен соң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айыппұл мен утиль алымының мөлшері де артады.