Жаңа өнім биыл көктемде конвейерге тұрады.
Сериялы Lada Iskra комплектациясына байланысты 1.2–1.6 млн рубль (6.1–7.7 млн теңге) тұрады. Бұл туралы kolesa.kz жазады. Iskra-ның сипаттамасы, жабдықтар тізімі және Lada Vesta-дан айырмашылығы белгілі болды.
Lada Iskra-ның базалық нұсқасы Тольяттидің ең қолжетімді агрегаты — 5 сатылы механикалық қораппен жұмыс істейтін 90 ат күшіне ие 8 клапанды мотормен жүреді. Жабдықтар тізімінде екі қауіпсіздік жастығы, 15 дюймдік дөңгелек дискісі, жарықдиодты күндізгі жүріс шамы, электрлі әйнек көтергіш, орталық құлып және жылытуға болатын айна бар.
Кондиционер, жылытуға болатын кресло және үздік аудиожүйе Iskra-ның қымбатырақ түрленіміне қойылады. Автомобильдің 90 ат күшіне ие нұсқасы — 1.3 млн рубль (6.67 млн теңге), ал 106 ат күшін беретін 1.6 литрлік мотор мен қытайлық 6 сатылы механика қорабы бар нұсқасы 1.35 млн рубль (6.9 млн теңге) тұрады.
«Искраның» қымбат нұсқаларына бренд 16 дюймдік дөңгелек дискісі, тұманға қарсы шам, бүйірлік эйрбэг, климат-бақылау, «Яндекс» сервисі бар медиажүйе және круиз-бақылау орнатады. Алдыңғы әйнекті, рөлді және артқы диванды жылытуға мүмкіндік бар. Ең үздік комплектациясы механика қораппен емес, қытайлық WLY компаниясының вариаторымен жабдықталған.
Lada Iskra Granta мен Vesta арасында орналасады, сондықтан оның жабдықтар тізімі флагмандық модельге қарағанда қарапайым. «Искрада» диодты жарық техникасы, қосымша динамик және кейбір электронды көмекшілер болмайды. АВТОВАЗ жаңа өнімге өзінің ең үлкен 1.8 литрлік қозғалтқышын орнатпайды.
Қазір АВТОВАЗ жаңа жылдық мереке мен корпоративтік демалысқа байланысты жұмыс істеп тұрған жоқ. Бірақ мереке алдында зауыт «Искраны» тезірек шығару үшін осы кезеңде құрастыру алаңын жаңартатынын хабарлаған. Әу баста жаңа өнім ақпанда конвейерге тұруы керек еді, бірақ кейін концерн нақты уақытты айтпай, 2025 жылдың көктемі деп белгісіз датаны атады.