Балқаш - Қарағанды бағытында 19 көлік соқтығысып қалды.
“ҚазАвтоЖол” мекемесінің хабарлауынша, 2025 жылғы 23 қаңтарда сағат 10:30-дан бастап Екатеринбург-Алматы тас жолының Балқаш - Қарағанды аралығында, яғни 1492–1855 шақырымында көлік қозғалысы ашылған.
"Мұндай шешім ауа райының жақсаруына және көлік кептелісіне байланысты қабылданған. Қозғалыс Қарағанды облысының полицейлері мен "ҚазАвтоЖол" қызметкерлерінің сүйемелдеуімен ұйымдастырылды. Сағат 12:30-да осы учаскеде – 1630 шақырымда 19 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем қызметкерлері жүр. Бұл жол-көлік оқиғасына қатысушылар колонна қозғалысында болмаған", - делінген хабарламада.
Апаттың алдын ала себебі - жылдамдық пен қауіпсіз қашықтықты сақтамау.