Қазақстанда лизинг арқылы автомобиль алуға болады

Редактор Penalty.kz
30.01.2025, 23:00

Жеке тұлғаға лизинг беру туралы заң жобасын депутаттар әзірлеп жатыр.

sputnik.kz

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Савельева жеке кәсібі жоқ тұрғындар банкте несие рәсімдемей-ақ машинаны лизингіге алу мүмкіндігіне ие болатынын айтты. Мұндай норма 29 қаңтарда Мәжіліске түскен «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғаға лизинг беру мәселесі бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» заң жобасына енген.

“Жаңа норманың арқасында азаматтар қаржылық қызметтерге оңай қол жеткізіп, халықтың берешегі мен қарыз жүктемесі азаяды”, — деді Т. Савельева.

Лизинг — автомобильді кейін сатып алу құқығымен жалға алу. Жалға алушы машинаны келісімшарт бойынша пайдаланып, ай сайын төлем жасайды, бұл жағдайда техниканың құны үнемі төмендеп отырады. Келісімшарт мерзімі аяқталғанда қалған соманы беріп, көлікті сатып алуға болады, сатып алудан бас тартуға да мүмкіндік бар.

Қазір Қазақстанда заңды тұлғалар ғана автомобильді лизинг арқылы ала алады.