Қазақстанда премиум автоны 4% несиемен алуға болады

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 10:16

Жеңілдетілген автонесиені ForteBank ұсынып отыр. 

azattyq-ruhy.kz

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы әлі де жұмыс істеп келеді. Бір қызығы, ол арқылы алуға болатын көліктердің тізіміне әлдеқайда үлкен болып шықты. Бұл туралы Finratings.kz хабарлады. 

Аталған басылымның ақпары бойынша, арнайы шартпен сатып алуға болатын көліктер тізіміне тек бюджеттік модельдер ғана емес, сондай-ақ кроссоверлер мен премиум маркалар да кіреді.

Атап айтқанда, бағдарлама арқылы Hyundai Tucson, Hyundai Palisade, сондай-ақ EXEED және Genesis брендтерінің кейбір модельдерін иемденуге мүмкіндік бар.

Бағдарлама ForteBank АҚ арқылы жүзеге асырылуда. 

✅ Жылдық несие мөлшерлемесі – 4%-дан бастап
✅ Бастапқы жарна – 50%-дан бастап (Geely маркасы үшін 25%-дан)
✅ Несие мерзімі – 7 жылға дейін. 

Бағдарламаға қатысатын көліктердің толық тізімін ForteBank АҚ ресми сайтынан білуге болады. 

Тағы бір айта кетерлігі, автонесиені рәсімдеу және көліктердің бар-жоғы туралы толық ақпаратты тікелей автосалондардан алуға болады. Сондай-ақ, сол жерде несие шарттары, қажетті құжаттар мен рәсімдеу тәртібі бойынша кеңес алуға мүмкіндік бар.