Астанада екі жүргізушінің жол бойындағы төбелесіне қатысты сот шешімі шықты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
11.03.2025, 14:11

Астана қаласының соты жол қозғалысы кезінде жанжалға барып, жолдың қақ ортасында төбелес ұйымдастырған екі жүргізушінің ісін қарады. Олардың әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

azattyq-ruhy.kz

Астана қалалық сотының Telegram-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Т. және А. есімді азаматтар жол бойында өзара жанжалдасып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

"Т. мен А. көлік жүргізу барысында жолды бөлісе алмай, дауласқан. Осы себепті олар көліктерін тоқтатып, жолдың ортасында төбелес ұйымдастырды. Бұл әрекеттері арқылы олар қоғамдық тыныштықты бұзып, ұсақ бұзақылық жасады," – делінген соттың хабарламасында.

Сот барысында айыпталушылар кінәларын толық мойындады. Олар жанжалдың көлік жүргізу кезінде туындағанын және жағдайдың төбелеске дейін ушығып кеткенін растады.

Жүргізушілер "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.