Үш облыста республикалық жолдардағы көлік қозғалысына шектеу қойылды

Редактор Penalty.kz
26.03.2025, 19:36

Бұт туралы Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. 

Bizmedia.kz

2025 жылғы 26 наурыз, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан үш облыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы 24KZ төтенше жағдайлар қызметіyt сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ақтөбе облысы:

  • «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолы,
    3–92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін).

Қостанай облысы:

  • Қазақстан – Ресей шекарасындағы бейтарап аумақ,
    Мариновка ауылына жақын маң (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • «Петропавл қаласының айналма жолы»,
    4–7 шақырым аралығы
    (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).