2-сәуірден бастап Қазақстанда көлік салығын уақытында төлемеген азаматтарға қатысты ескерту хаттары таратыла бастайды. 2024 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін белгіленген. Осы күннен кейін әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Бұл туралы Finratings.kz порталы хабарлады.
Салықты төлемесеңіз не болады?
Салық төленбеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептеледі.
30 жұмыс күні өткен соң салық қызметі қарыз туралы ресми ескерту жібереді.
Одан кейін салықтық бұйрық шығып, қарызды мәжбүрлеп өндіру процесі басталады.
Көлік салығы қалай есептеледі?
Салық мөлшері көлік қозғалтқышының көлеміне және АЕК (МРП) көрсеткішіне байланысты. 2024 жылы 1 АЕК мөлшері – 3 692 теңге.
3 000–4 000 см³ дейін, 2014 жылға дейін әкелінген: 15 АЕК – 55 380 теңге.
4 000 см³ жоғары, 2014 жылдан кейін шығарылған немесе әкелінген: 117–200 АЕК (431 964 – 738 400 теңге).
Қосымша есеп:
Егер қозғалтқыш көлемі 1 500 см³-ден асса, әрбір артық 1 см³ үшін 7 теңге қосылады.
Мысал:
Авто – 2 799 см³
Базалық ставка (9 АЕК): 33 228 теңге
Артық көлем: 2 799 – 2 500 = 299 см³ × 7 = 2 093 теңге
Жалпы салық сомасы: 35 321 теңге
Көлік салығы Фото: Lada.kz
Салықты қалай төлеуге болады?
Салықты төлеу үшін:
e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы немесе
Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы калькуляторды пайдаланыңыз.
Төлем жасау үшін қажет деректер:
Автокөліктің VIN-коды (17 таңба)
КБК: 104402
КНП: 911 (негізгі төлем үшін), 912 (өсімпұл үшін)
Егер көлік иелігіңізде болмаса (мысалы, ұрланған болса), тиісті дәлелді құжаттар ұсынылуы тиіс.
Назар аударыңыз!
1 сәуірден кейін төлем жасалмаған жағдайда, өсімпұл әр күн сайын өсіп отырады.
30 жұмыс күнінен кейін – ескерту хаты,
Содан соң – мәжбүрлі өндіріп алу.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet