"Жеті жыл заңсыз тұрдық": Мақпал Жүнісова желіде неке қию туралы куәлігін көрсетіп, сырын ақтарды

Редактор Penalty.kz
15.04.2025, 03:43

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында неке куәлігін жариялап, көпшілікке сырын ақтарды. 

фото ашық дереккөздерден алынды

Әнші марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовпен қалай отау құрғанын есіне алды. Айтуынша, олар тек жеті жылдан кейін неке қиған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады. 

"Зәкең үлкен той жасап, неке қиюға барамыз дегенде, "Жоқ, Зәке, жақсы көрсеңіз асықпаңыз. Әңгімеміз жараспай қалса, дардай басыңызбен ажырасып жүресіз бе? Бір-екі жыл бір-бірімізді тексерейік" деп келіспедім. Содан жеті жыл заңсыз тұрдық, 1998 жылы 1 қазанда неке қиылды", - деп жазды Мақпал Жүнісова Instagram желісіндегі парақшасында.