Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Жүрегімнің дауасы": Қайрат Нұртас Жұлдыз Әбдукәрімоваға туған күніне орай ерекше жыр шумағын арнады (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
15.04.2025, 11:40

Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімоваға туған күніне орай жыр шумағын арнады.

ulysmedia.kz
Реклама
Реклама

14 сәуірде Жұлдыз Әбдукәрімова 37 жасқа толғанын атап өтті. Қайрат Нұртас жұбайына деген құттықтау тілегін жыр шумағымен жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

"Жүрегімнің дауасы

Ұл-қызымның анасы

Лайықты жан өзіме

Дүниедегі жанашыр

Ыстық оттай сезіммен

Заманым тыныш өзіңмен

Жұлдызым туған күніңмен", - делінген өлең жолдарын жариялады әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Желі қолданушылары да Қайраттың тілегіне қосылып, жазбаға пікір қалдырып жатыр.

"Бақытты болыңдар", "Мені құттықтап жатқандай қуанып калдым ғой! Бақытты болыңыздар", "Ана деген атқа лайықты жарыңызды бағалаңыз, Қайрат аға, өмір бойы бақытты болыңыздар! Жұлдыз ханым біреу ғана бұл ғаламда", - деп жазған желі қолданушылары.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары