Белгілі блогер, әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі жақындарын бір мезетте екі қуанышымен бөлісуге шақырды. Астанадағы жаңа пәтерінде ол қызының тұсауын кесіп, қоныс тойын бірге атап өтті.
Фаризаның айтуынша, бұл – отбасылық өмірдегі ерекше сәттердің бірі. Жас ана тұсаукесер рәсімін жаңа баспанасында өткізуді жөн көрген. Аталған қуанышты оқиғада ол арнайы видео түсіріп, Instagram желісінде бөлісті.
Шара ерекше дизайнмен безендірілді. Блогер мерекелік атмосфераны толықтыру үшін дастархан мен интерьерді сары түспен әрлеп, өзі мен отбасын да бір түсті киіммен үйлестірген. Бұл идея көпшіліктің назарын аударды.
Фариза той жасап қана қоймай, жаңа пәтерінің ішкі көрінісін де оқырмандарына көрсетті. Ол арнайы рум-тур жасап, үйінің заманауи жабдықталған бөлмелерін көрсетті.