Эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаеваға өзінен бірнеше жас кіші жігіттен ерекше мазмұндағы хат келген.
Белгісіз жан әншінің мінезін өзгертіп, отбасын құруды мақсат етіп отырғанын жазған.
“Мінезімді өзгерткісі келетін тағы бір жан маған хабарласты… Өміріңізде сізді өзгертуге тырысатын адам болса, белгілеп кетіңіз”, – деп жазды әнші өзінің парақшасында.
Желіде бұл жазба түрлі пікірлер тудырды. Көпшілік Меруерттің тартымдылығы мен дара болмысын атап өтіп, қолдау білдірді: