Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Мәди Рымбаев жаңа әнін алдымен анасына тыңдатып, ақ батасын алды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
28.05.2025, 11:30

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның кіші ұлы – Мәди Рымбаев жаңа шығармасын анасының бағасына ұсынып, батасын алды.

instagram/@rymbaevmadi
Реклама
Реклама

Жаңа туынды

Жаңа туындысын жұртшылыққа жарияламас бұрын Мәди Рымбаев әнін Роза Рымбаеваға тыңдатып, кәсіби әрі ана жүрегінің пікірін алды. Бұл сәтті ол өз әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, тыңдармандармен бірге қуанышын жеткізді.

"Әніңнің қайырмасы өте жақсы. Он балдан тоғыз қоямын", – деп бағалады  Роза Қуанышқызы.

Желі қолданушылары бұл жылы көрініске ерекше ықылас білдіріп, өз пікірлерін жаудырды. Көпшілігі Роза Рымбаеваның ана ретінде де, өнер иесі ретінде де үлкен үлгі екенін атап өтті.

Желіде жазылған пікірлердің бірқатары:

  • "Балалары тәрбиелі, мәдениетті азаматтар болып өскен" 
  • "Мәдидің дауысы, стилі, келбеті ерекше" 
  • "Роза Қуанышқызы екі ұлын тамаша тәрбиелеген" 
  • "Әкесінің де жолын жалғастырып жүр. Бағың ашылсын, бауырым!" 
  • "Әли мен Мәди – нағыз ер азаматтар. Анасының еңбегі көрініп тұр" 

Бұл жағдайдан Мадидің шығармашылық жолында отбасының қолдауын жоғары қоятынын, ал Роза Рымбаеваның ана ретінде баласының өнерге қадамында бағыт-бағдар беретінін көруге болады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары